
Елизавета Матвеева Кипрдегі турнирде топ жарды
Кипрдің Лимасол қаласында өткен жеңіл атлетикадан EKO Cyprus International Athletics Meeting халықаралық турнирінде қазақстандық Елизавета Матвеева жарқын нәтиже көрсетті.
World Athletics ұйымының қола деңгейдегі құрлықтық жарыстар санатына кіретін беделді додада отандасымыз әйелдер арасындағы биіктікке секіру бағдарламасында сынға түсті. Матвеева 185 сантиметр биіктікті бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Кристина Овчинникова 180 см нәтижемен бесінші орынға тұрақтап, жарыс қорытындысы бойынша үздік бестік қатарына енді.
Айта кетейік, жергілікті спортшы Елена Куличенко алтын медаль иеленсе, Грекия өкілі Панагиота Доси үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге ие болды.
Дереккөзі: Instagram аккаунты @qazathletics
