
Риддерлік Элина Михина соңғы уақытта бізді ірі жарыстардың жүлдегерлері қатарынан тұрақты көрінуге үйретті. Соңғы айда оның еншісінде екі қола медаль бар, оның бірі Азия чемпионатында, екіншісі ҚР Спартакиадасында жеңіп алынды. Өкінішке орай, сәтті өнер көрсетулер сериясы Тайланд астанасы Бангкокта үзілді. 400 метр қашықтықта Михина финалға шыққандардың қатарына енгенімен, бұл жолы тұғырға көтеріле алмады. Нәтижесінде ол 54,81 секунд көрсеткішімен алтыншы орынға ие болды. Бұл «сәтсіздіктің» өзіндік жұбанышы ретінде осы финалда Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Рахманованың жеңісі болды, ол Михинадан бір секундтан астам уақытқа жылдам болды.
Жалпы, алғашқы жарыс күні қазақстандық атлеттердің қоржынында Рахманованың, жүз метрлік қашықтықта Виктория Зябкинаның, жүз метрге кедергілер арқылы жүгіруде Анастасия Пилипенконың (13,25 с) жеңістері және үш қарғып секіруде Ирина Эктованың «қоласы» (13,59 м) бар. Айта кетерлігі, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, ШҚО өкілі Анастасия Сопрунова жүз метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалына шықпады.
Дереккөз: http://vksport.kz/
