Спорттық жүруден, марафоннан және жартылай марафоннан ҚР чемпионатының қорытындысы
4 және 5 шілде 2015 жылы Өскеменде алғаш рет спорттық жүруден, марафоннан және жартылай марафоннан ҚР чемпионаты өтті. Бірінші күні әйелдер арасында 3, 5, 10, 20 шақырымға, ерлер арасында 5, 10, 20, 50 шақырымға спорттық жүруден медальдар сарапқа салынды. Екінші күні марафон және жартылай марафон өтті. Чемпионатқа алты облыстың өкілдері қатысты: Оңтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Алматы облысы және Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы. Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды 6355 ұпаймен Алматы қаласының командасы иеленді, оның қоржынында 8 медаль бар: 4 алтын, 3 күміс, 1 қола. Екінші орында 6201 ұпаймен ШҚО командасы, 7 медаль: 5 — алтын, 2 — күміс. Үшінші орынды 2552 ұпаймен ОҚО құрамасы иеленді, 4 медаль: 1 алтын, 2 күміс, 1 қола. Қалған командаларда бір-бір медальдан.







Көбірек фотосуреттер «Медиа» бөлімінде
