
Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында 2015 жылдың 29 тамызында «Спорт күні» мен «Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» орайластырылған «Ашық есік күні» акциясы өтеді.
Бұл іс-шараның мақсаты — ҚР Президентінің «Мәңгілік ел» 2050 тапсырмасын орындау, яғни Қазақстан Республикасы халқының 30%-ын спортқа тарту болып табылады.
Өскемен қаласында жеңіл атлетиканы танымал ету, балалар мен жасөспірімдерді жеңіл атлетика секцияларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Осыған байланысты барлық дене шынықтыру мұғалімдері мен балаларды белсенді қатысуға шақырамыз.
