Новости

Митрофанова мен Демченко – жеңіл атлетикадан Қазақстанның екі дүркін чемпиондары

Үй иелері ретінде өткен біріншіліктің триумфаторлары, әрине, командалық есепте үлкен басымдықпен жеңіске жеткен Қарағанды облысының жеңіл атлеттері болды. Жалпы есепте екінші орын алғанына қарамастан, ШҚО құрамасы иеленген марапаттардың көптігімен мақтана алмайды. Мәселен, облыс құрамасының ерлер қауымы бар күш-жігерін салып, тек бір ғана марапатқа ие болды – Дмитрий Лукичёв ядро итеруден екінші орынды иеленді. Қалған 9 марапатты қыздар қауымы жеңіп алды. Біздің жерлестеріміздің арасында ең атақтысы Дарья Демченко болды. Дарья ядро итеруден алған екінші орнына 60 метрге кедергілермен жүгірудегі жеке жеңісін және 4х200 метрлік эстафетадағы табысын қосты. Дәл осындай тиімділікті риддерлік жүгіруші Регина Митрофанова да көрсетті: алдымен 600 метрге жүгіруде ең мықты атанып, 1000 метрлік қашықтықта екінші орын алған Регина ШҚО-ның «алтын» эстафеталық командасының құрамына енді. Онда Демченко мен Митрофанованың серіктестері Анастасия Зубенко мен Александра Егорина болды. Бұл «алтын» соңғы екі спортшының қоржынындағы жалғыз медаль емес: Зубенко 300 метрлік қашықтықта үшінші болса, Егорина дәл осы жерде екінші орынға табан тіреді. Қалған екі медальді Елизавета Матвеева жеңіп алды. Ол бессайыстан абсолютті жеңімпаз атанса, биіктікке секіруден 160 см нәтижесімен күміс медальді иеленді.

Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz

Фотосуреттер