<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Мемлекет басшысы ШҚО-ға барды

Күннің екінші жартысында, 23 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Мемлекет басшысы жекпе-жек сарайын, жеңіл атлетика орталығы мен жүзу бассейнін аралады. Сапар барысында ол Өскемен қаласының спорт базасын кешенді дамыту бойынша жұмыс барысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының спорт, білім беру, жастар саясаты саласында іске асырылатын жобалармен танысты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің спорт саласының ардагерлерімен әңгімелесіп, оң өзгерістерді атап өтті. – Экономикалық дамудың арқасында біз әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде спорттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алдық. Спорт нысандары бүкіл ел бойынша қалпына келтіріліп, салынуда. Сондай-ақ, барлық бағыттар бойынша біздің спортшыларымыздың нәтижелері динамикалық түрде жақсаруда. Мұның бәрі ұлт денсаулығын нығайту үшін аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache