Жеңіл атлетикадан Орталық Азия елдерінің ашық чемпионаты 2022 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында Самарқандта (Өзбекстан) өтті. Шығыс Қазақстан спортшылары бұл жарыста жақсы нәтиже көрсетті.
Осылайша Арина Гладышева 5000 м қашықтықта 17:24:50 нәтижесімен алтын алды.
Ерлер арасында найза лақтыруда бірінші орында Артур Гафнер тұр. Артур 66.44 нәтижесін көрсетті Лидия Сафонова 100 метрге жүгіруде 12.68 нәтижесімен 3-ші орынды иеленді 4х400 м Mix эстафетасында біздің спортшылар 3:49.91 нәтижесімен қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, әйелдер құрамасында 4х400м эстафетада қола, Қыздар 4: 22.44 уақыт көрсетті