Бүгін жеңіл атлетикадан Шығыс Қазақстан облысының спорттық балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушыларды Спорт күнімен құттықтады!
Жаттықтырушылар үшін бұл күн — олардың еңбегінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір сезінуге мүмкіндік беретін ерекше сәт. Күн сайын олар спортшыларға мықты болуға, қиындықтарды жеңуге, өз күшіне сенуге және жаңа нәтижелерге ұмтылуға көмектеседі.
Осы күні жаттықтырушыларға кәсіби шеберлігі, өз ісіне деген адалдығы және Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс ретінде құрмет грамоталары табысталды.
Жаттықтырушылар мен олардың тәрбиеленушілеріне зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілінді. Жаңа спорттық жеңістерге жол ашып, болашақ чемпиондардың қалыптасуына ықпал етіп жүрген жаттықтырушылардың сабырына, қолдауына және күнделікті еңбегіне ерекше алғыс айтылды.

