1 мамыр күні таңертең таудың етегінен 150-ден астам адам жүгіріп шықты
— Бүгінгі жүгіру Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, — деді ШҚО Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ директоры Данил Соколов. — Жарыс облыс әкімдігі, ШҚО спорт және дене шынықтыру басқармасы, Достық үйі және біздің Жеңіл атлетика федерациясының көмегімен және қолдауымен ұйымдастырылды. Бүгін бізде рекордтық көрсеткіш — 150-ден астам қатысушы. Бұрынғы жылдары бұл сан 100-ге дейін ғана жететін. Жастардың спортқа белсенді түрде бет бұрғаны қуантады. Барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталды. Әр жас санатындағы үш үздік қатысушы тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Мәреден соң демдерін басып, қатысушылар естелік суретке түсе бастады. Перизат есімді ару — 33 жаста. Ол бұл жүгіруге алғаш рет қатысты. Төбеде оны кішкентай ұлы күтіп тұрды.
Еламан — 22 жаста. Ол №4 өрт сөндіру бөлімінде (Согра) қызмет етеді. Оның әріптесі Ринат — №5 бөлімнен (Аблакетка), жасы — 21-де. Құтқарушылар үшін ауыр жүгірулер — мамандықтың ажырамас бөлігі.
Қуаныш Ынтықбаев — кәсіби спортшы. Ол «Шығыс» волейбол клубының жетекшісі, алайда жеңіл атлетикамен тек екі ай бұрын айналыса бастаған. Бүгін ол қос жеңіске қуанды: 40-59 жас санатында барлығынан жылдам жүгірді. Сонымен қатар, оның шәкірт-волейболшылары үздік ондыққа кірді.
Кіші топта ең үздік нәтиже көрсеткен — Нұрдәулет Әділбек, ол төбеге алты минут 42 секундта жетті. Екінші орынды Самир Кунантаев иеленді — жеті минут 34 секунд. Одан тоғыз секундқа кейін келген Рамазан Бақытжанов үшінші орынға ие болды. 14-17 жас аралығындағы қыздар арасында бірінші орынды сегіз минут 14 секунд көрсеткішпен Алёна Переверзева иеленді. Екінші — Екатерина Гаврилова (тоғыз минут 38 секунд), үшінші — Валентина Калинина (он бір минут үш секунд).
18-39 жас санатындағы ерлер арасында бірінші орынды Аян Қасымов жеңіп алды — бес минут 40 секунд. Екінші — Данил Кузнецов (алты минут жеті секунд), үшінші — Әмір Мамырбеков (алты минут 23 секунд).
Осы жас санатындағы әйелдер арасында Надежда Визигина жеңіске жетті — жеті минут 29 секунд. Екінші — Дарья Альтемирова (жеті минут 40 секунд), үшінші — Ульяна Калошина (сегіз минут 22 секунд).
40-59 жас санатындағы ерлер арасында бірінші орын — Қуаныш Ынтықбаев (сегіз минут 12 секунд), екінші — Жасұлан Тәукенов (тоғыз минут 35 секунд), үшінші — Руслан Еркімбеков (он минут 34 секунд). Әйелдер арасында бірінші орынды Индира Оспанова иеленді (тоғыз минут 24 секунд), екінші — Татьяна Морозова (тоғыз минут 55 секунд), үшінші — Наталья Демидкова (он бір минут 30 секунд).