Электронды өтінім

Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында өтетін барлық жарыстарға қатысу үшін өтінімдерді электронды түрде беру жүйесін енгізуде. Федерация сайтының «Кәсіби мамандарға» (Профессионалам) бөлімінде электронды өтінім файлы орналастырылған. Электронды өтінімді жарыс басталғанға дейін жеті күннен кешіктірмей келесі электронды поштаға жіберу қажет: fla-rk@mail.ru Дереккөз: www.kazathletics.kz
Жарыс ережесі
Жеңіл атлеттер «Восток» стадионына оралды

Стадионда «спорт патшайымының» тек жүгіру пәндері бойынша жарыстары өтті. Облыс орталығының біріншілігін өткізу үшін бірден үш спорт нысанын қолдануға тура келді: техникалық түрлер бойынша жүлделер сарапқа салынған О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, спортшылар түрлі снарядтарды лақтырған «Олимпиец» спорт модулі және «Восток» стадионы. Жаңартылған стадионның жүгіру жолдарында жеңіл атлетикадан Өскемен қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлайды 16news.kz тілшісі. Стадионда тек «спорт патшайымының» жүгіру пәндері бойынша жарыстар өтті. Облыс орталығының біріншілігін өткізу үшін бірден үш спорт нысанын қолдануға тура келді: техникалық түрлер бойынша жүлделер сарапқа салынған Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, спортшылар түрлі снарядтарды лақтырған «Олимпиец» спорт модулі және «Восток» стадионы. Өскеменнің бас стадионында соңғы рет жеңіл атлетикалық жарыстар осыдан 15 жыл бұрын өткізілген болатын. Біріншілікке 11 мен 18 жас аралығындағы 150-ге жуық спортшы қатысып, төрт жас санаты бойынша бақ сынасты. Бұл біріншілікте ең атақты спортшы Дмитрий Лукичёв болды, ол лақтырудың барлық төрт түрінен: найза, балға, диск лақтыру және ядро итеруден жеңіске жетті. Тағы бір «таза» лақтырушы — Сергей Крашенников қаланың үш дүркін чемпионы атанды. Қыздар арасында жалғыз әрі қайталанбас абсолютті жеңімпаз болмады, сондықтан жеңіл атлеттер арасында қаланың үш дүркін чемпиондары Дарья Демченко, Елизавета Матвеева және Лейла Төлегенова бастаған триумвират орнады. Бірінші орын үшін екі грамотадан Татьяна Николенко, Анастасия Плахотина, Диана Рогачёва, Дарья Мерлина, Эрика Кем, Жандос Жақыпов, Александр Аксютин, Николай Шишкин, Павел Белогорцев, Думан Кенжебек, Мирас Қайдаров, Әмір Әйімқанов, Олжас Қызымолдаев және Владислав Сутягин иеленді. Жарыс барысында барлығы 54 спортшы чемпиондық атаққа ие болды. Дәл осы спортшылар 23 сәуірде Семейде басталатын Н. Ходаеваны еске алуға арналған ШҚО ашық чемпионатында Өскемен құрамасының негізін құрайды. 2003 Ж.Т. ЖӘНЕ КІШІ ЖАС САНАТЫ 100 м жүгіру. Ұлдар: Жандос Жақыпов – 13,52 Мадияр Мырзағалиев – 14,2 Бота Кумаров – 14,52 Қыздар (27 қатысушы): Татьяна Николенко – 13,47 Элина Устинович – 13,76 Валерия Бромат – 13,95 200 м жүгіру. Ұлдар (7 қатысушы): Жандос Жақыпов – 28,69 Бота Кумаров – 29,8 Думан Кенжебек – 30,36 Қыздар (13 қатысушы): Татьяна Николенко – 28,75 Валерия Бромат – 29,38 Элина Устинович – 30,00 400 м жүгіру. Ұлдар (3 қатысушы): Бота Кумаров – 1:11,36 Жанарыс Маратов – 1:15,56 Данил Кобзев – 1:34,12 Қыздар (1 қатысушы): Александра Камдина – 1:30,66 800 м жүгіру. Қыздар (1 қатысушы): Виктория Медведева – 2:50,8 110 м кедергілермен жүгіру. Қыздар (1 қатысушы): Лейла Төлегенова – 21,14 Ұзындыққа секіру. Ұлдар (10 қатысушы): Думан Кенжебек – 4,34 Мадияр Мырзағалиев – 4,1 Бота Кумаров – 4,04 Қыздар (17 қатысушы): Валерия Бромат – 4,65 Татьяна Николенко – 4,55 Виктория Медведева – 3,92 2001-2002 Ж.Т. ЖАС САНАТЫ 100 м жүгіру. Бозбалалар (8 қатысушы): Данил Прокопенко – 12,13 Александр Раев – 12,57 Артём Сухоруков – 12,86 Бойжеткендер (12 қатысушы): Дарья Демченко – 13,00 Анастасия Березуцкая – 13,43 Ангелина Малькова – 13,74 200 м жүгіру. Бозбалалар (9 қатысушы): Әмір Әйімқанов – 25,84 Данил Прокопенко – 25,86 Александр Раев – 26,7 Бойжеткендер (9 қатысушы): Ангелина Малькова – 28,92 Айым Қайсанова – 28,94 Наталья Мукушева – 29,51 400 м жүгіру. Бозбалалар (2 қатысушы): Владимир Фещенко – 55,95 Данил Матюнин – 1:08,4 Бойжеткендер (3 қатысушы): Диана Рогачёва – 1:01,85 Кристина Морозова – 1:07,15 Еңлік Мамырбекова – 1:10,06 800 м жүгіру. Бозбалалар (3 қатысушы): Әмір Әйімқанов – 2:17,51 Дмитрий Бывшев – 2:22,64 Роман Мартынов – 2:34,36 1500 м жүгіру. Бойжеткендер (3 қатысушы): Балжан Қайырғазиева – 5:56,00 Аяжан Төлегенова – 5:57,00 Анастасия Скворцова – 6:24,00 100 м кедергілермен жүгіру (2 қатысушы): Дарья Демченко – 15,33 Лиза Матвеева – 18,50 300 м кедергілермен жүгіру (3 қатысушы): Анастасия Зубенко – 47,64 Елизавета Булучевская – 48,86 Диана Рогачёва – 50,34 Ұзындыққа секіру. Бозбалалар (6 қатысушы): Роман Григорьев – 5,04 Александр Раев – 5,01 Влад Бахтин – 4,98 Бойжеткендер (12 қатысушы): Диана Рогачёва – 4,7 Елизавета Матвеева – 4,68 Анастасия Зубенко – 4,63 1999-2000 Ж.Т. ЖАС САНАТЫ 100 м жүгіру. Бозбалалар (11 қатысушы): Александр Аксютин – 11,08 Рүстем Картаев – 11,42 Ильяс Кадыров – 11,65 Бойжеткендер (5 қатысушы): Анастасия Плахотина – 13,75 Дарья Мерлина – 14,21 Анастасия Лютовская – 14,57 200 м жүгіру. Бозбалалар (5 қатысушы): Александр Аксютин – 23,54 Мирас Қайдаров – 23,82 Жандос Кумарбеков – 24,56 Бойжеткендер (4 қатысушы): Анастасия Плахотина – 29,28 Дарья Мерлина – 31,21 Еркежан Қадылбекова – 32,94 400 м жүгіру. Бозбалалар (1 қатысушы): Елжас Қызымолдаев – 59,27 Бойжеткендер (3 қатысушы): Анастасия Лютовская – 1:12,00 800 м жүгіру. Бозбалалар (1 қатысушы): Жандос Кумарбеков – 2:05,76 Бойжеткендер (1 қатысушы): Алтынай Бейісхан – 2:27,32 3000 м жүгіру. Бозбалалар (2 қатысушы): Бекболат Айдарбеков – 12:10,00 Ернұр Тоқтаров – 12:13,00 110 м кедергілермен жүгіру. Бозбалалар (2 қатысушы): Мирас Қайдаров – 14,7 Ильяс Кадыров – 15,8 100 м кедергілермен жүгіру. Бойжеткендер (2 қатысушы): Эрика Кем – 16,00 Дарья Мерлина – 18,67 400 м кедергілермен жүгіру. Бозбалалар (3 қатысушы): Рүстем Картаев – 1:02,73 Влад Кабдуалиев – 1:03,84 Ермек Асқаров – 1:10,65 Ұзындыққа секіру. Бозбалалар (5 қатысушы): Мирас Қайдаров – 6,17 Ильяс Кадыров – 5,96 Георгий Ермолов – 5,41 Бойжеткендер (2 қатысушы): Дарья Мерлина – 4,60 София Тарасенко – 4,41 1997-1998 Ж.Т. ЖАС САНАТЫ 100 м жүгіру. Бозбалалар (1 қатысушы): Олжас Қызымолдаев – 12,66 Бойжеткендер (1 қатысушы): Анастасия Фёдорова – 13,21 200 м жүгіру. Бозбалалар (4 қатысушы): Владислав Сутягин – 22,58 Данил Кузнецов – 23,73 Тимур Жолдотаев – 24,56 Бойжеткендер (2 қатысушы): Орынгүл Зкриенова – 27,94 Анастасия Фёдорова – 28,62 400 м жүгіру. Бозбалалар (2 қатысушы): Владислав Сутягин – 49,5 Айдос Картыбай – 1:04,55 1500 м жүгіру. Бозбалалар (2 қатысушы): Дулат Бақытбеков – 4:58,2 Айдос Картыбай – 5:12,7 3000 м жүгіру. Бойжеткендер (1 қатысушы): Таннұр Сәрсенханкызы – 15:33,00 400 м кедергілермен жүгіру. Бозбалалар (2 қатысушы): Тимур Жолдотаев – 1:01,93 Ұзындыққа секіру. Бозбалалар (1 қатысушы): Айдын Нұрсапанов – 5,41 Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
Жарыс ережесі
Лақтыру түрлерінен, спорттық жүруден және жартылай марафоннан ҚР қысқы чемпионаты
24-25 ақпан аралығында Шымкентте лақтыру түрлерінен, спорттық жүруден және жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық есепте алтыншы орынға ие болды. Нәтижелер Бозбалалар (ерлер) Балға лақтыру II орын Торлопов Владимир – 49.80 (Ерлер) II орын Владимиров Алексей – 52.86 (Юниорлар) I орын Асылханов Саят – 50.32 (Жасөспірімдер) Диск лақтыру I орын Лабутов Евгений – 54.83 (Ерлер) II орын Каленов Ербол – 37.64 (Юниорлар) Найза лақтыру III орын Жақыпбеков Мағжан – 47.81 (Ерлер) II орын Каленов Ербол – 49.44 (Юниорлар) Бойжеткендер (әйелдер) Балға лақтыру I орын Демченко Дарья – 42.42 (Ересек қыздар) II орын Калошина Анастасия – 42.24 (Ересек қыздар) III орын Романова Татьяна – 38.02 (Әйелдер) Диск лақтыру I орын Кэм Эрика – 27.91 (Ересек қыздар) Найза лақтыру I орын Назарова Варвара – 46.92 (Юниор қыздар)
ШҚО жеңіл атлеттері Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

ШҚО жеңіл атлеттері Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды Жарыстар 3-4 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті. Біздің спортшылар арасында ең табыстысы Евгений Архипов болды. Ол мұнда бірден екі алтын медальді иеленді: алдымен 400 метрге жекелей жүгіруде 51,77 секунд нәтижесімен жеңіске жетсе, кейін 4х400 метрлік эстафета құрамында үздік шықты. Айта кетейік, эстафетада екі қарағандылық спортшыдан бөлек, Архиповқа тағы бір өскемендік, Қазақстан чемпионы Жандос Кумарбеков серіктес болды. Осы жылдың ақпан айында ШҚО құрамасы аталған эстафетада ел рекордын орнатқан болатын, Ташкентте бұл рекорд бұзылған жоқ. Бұған бәсекелестіктің аса жоғары болмауы себеп болған шығар – қазақстандықтар Өзбекстаннан келген жақын қарсыластарын 3 секундтан астам уақытқа артқа тастады. 400 метрге жекелей жүгіруде де Архиповқа өзінің маусымдағы үздік нәтижесін көрсетудің қажеті болмады. Оның Ташкенттегі көрсеткіші өз үйіндегі ел біріншілігінде тіркелген үздік нәтижесінен бір секундқа қалып қойды. Тағы бір алтын медальді семейлік биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая әкелді, ол үшін бұл жарыс нағыз серпіліс болды. Осы маусымда ол үшін басты мақсат 180 см биіктікті бағындыру еді. Дубовицкаяның өз еліміздегі үш жарысы бұл тұрғыда сәтсіз аяқталған болатын – әр кез ол межеге өте жақын келгенімен, планка құлап қала беретін. Тіпті бойжеткеннің осы биіктік алдындағы «комплексі» туралы әңгімелер де шыға бастаған еді. Мінекей, бұл ару спортшы ұмтылған мақсатына Өзбекстанда қол жеткізді. Ол 180 см биіктікпен тоқтап қалмай, 183 см планканы бірінші мүмкіндіктен-ақ бағындырды. Бірақ әрі қарай ілгерілей алмады. Нақты бәсекелестердің болмауы да кедергі келтірді – Азия чемпионатының қола жүлдегері жақын қуғыншысынан 13 см-ге озып кетті. Шығыс Қазақстан облысына күміс медальдарды Риддерден келген стайер Мөлдір Сейтханова (1500 м), 4х200 м эстафетасында «күміс» иеленген глубкокоелық Владислав Сутягин мен семейлік Тимур Парыгин, 60 метрге кедергілермен жүгіруде екінші болған өскемендік Мирас Қайдаров, сондай-ақ қыста ядро итеруден бақ сынауға мәжбүр болған найза лақтырушы Варвара Назарова сыйлады. ТУРНИР НӘТИЖЕЛЕРІ: 60 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (32 қатысушы): Жалолиддин Хамрокулов (Өзбекстан) – 7,06 Виктор РЯБОВ (Қазақстан) – 7,08 Дмитрий Загоскин (Қырғызстан) – 7,12 …11. Тимур ПАРЫГИН (Қазақстан, ШҚО) – 7,3 …23. Мирас ҚАЙДАРОВ (Қазақстан, ШҚО) – 7,68 200 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (27 қатысушы): Григорий Дерепаскин (Тәжікстан) – 23,03 Жалолиддин Хамрокулов (Өзбекстан) – 23,06 Виктор РЯБОВ (Қазақстан) – 23,29 …5. Владислав СУТЯГИН (Қазақстан, ШҚО) – 23,85 …26. Тимур ПАРЫГИН (Қазақстан, ШҚО) – мәреге жетпеді 400 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (15 қатысушы): Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) – 51,77 Аббос Нуриллаев (Өзбекстан) – 52,304 Шохрух Баратов (Өзбекстан) – 52,309 …7. Владислав СУТЯГИН (Қазақстан, ШҚО) – 53,83 …10. Жандос КУМАРБЕКОВ (Қазақстан, ШҚО) – 53,35 800 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (13 қатысушы): Думан ГАБДЫГАЛИЕВ (Қазақстан) – 1:56,5 Аббос Нуриллаев (Өзбекстан) – 1:58,24 Голиб Тохиржонов (Өзбекстан) – 2:00,00 …5. Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) – 2:01,13 …7. Сергей УНЖАКОВ (Қазақстан, ШҚО) – 2:00,88 1500 М ЖҮГІРУ. Юниор қыздар (7 қатысушы): Муаттар Баратова (Өзбекстан) – 4:50,42 Мөлдір СЕЙТХАНОВА (Қазақстан, ШҚО) – 4:55,77 Мехрантет Назарова (Тәжікстан) – 4:55,81 3000 М ЖҮГІРУ. Юниор қыздар (4 қатысушы): Муаттар Баратова (Өзбекстан) – 10:32,56 Маржона Баратова (Өзбекстан) – 10:40,55 Мехрантез Назарова (Тәжікстан) – 10:43,67 Мөлдір СЕЙТХАНОВА (Қазақстан) – 11:07,55 60 М КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЖҮГІРУ. Бозбалалар (7 қатысушы): Александр Степанов (Өзбекстан) – 8,39 Мирас ҚАЙДАРОВ (Қазақстан, ШҚО) – 8,51 Никита КУЛИКОВ (Қазақстан) – 8,77 4х200 М ЭСТАФЕТА. Юниорлар (4 команда): Өзбекстан – 1:33,43 Қазақстан (Кондрашов Роман, Владислав СУТЯГИН, Виктор Рябов, Тимур ПАРЫГИН) – 1:33,92 Тәжікстан – 1:34.00 4х400 М ЭСТАФЕТА. Юниорлар (4 команда): Қазақстан (Евгений АРХИПОВ, Роман Кондрашов, Жандос КУМАРБЕКОВ, Думан Габдыгалиев) – 3:25,69 Өзбекстан – 3:28,87 Қырғызстан – 3:30,77 БИІКТІККЕ СЕКІРУ. Юниор қыздар (12 қатысушы): Надежда ДУБОВИЦКАЯ (Қазақстан, ШҚО) – 183 Алина Яблокова (Өзбекстан) – 165 Александра Юркенская (Өзбекстан) – 160 ЯДРО ИТЕРУ. Юниор қыздар (2 қатысушы): Фарида Хакимова (Өзбекстан) – 12,92 Варвара НАЗАРОВА (Қазақстан, ШҚО) – 10,77 Алексей Губанов, yk.kz сайтының материалдары бойынша.
Митрофанова мен Демченко – жеңіл атлетикадан Қазақстанның екі дүркін чемпиондары

Үй иелері ретінде өткен біріншіліктің триумфаторлары, әрине, командалық есепте үлкен басымдықпен жеңіске жеткен Қарағанды облысының жеңіл атлеттері болды. Жалпы есепте екінші орын алғанына қарамастан, ШҚО құрамасы иеленген марапаттардың көптігімен мақтана алмайды. Мәселен, облыс құрамасының ерлер қауымы бар күш-жігерін салып, тек бір ғана марапатқа ие болды – Дмитрий Лукичёв ядро итеруден екінші орынды иеленді. Қалған 9 марапатты қыздар қауымы жеңіп алды. Біздің жерлестеріміздің арасында ең атақтысы Дарья Демченко болды. Дарья ядро итеруден алған екінші орнына 60 метрге кедергілермен жүгірудегі жеке жеңісін және 4х200 метрлік эстафетадағы табысын қосты. Дәл осындай тиімділікті риддерлік жүгіруші Регина Митрофанова да көрсетті: алдымен 600 метрге жүгіруде ең мықты атанып, 1000 метрлік қашықтықта екінші орын алған Регина ШҚО-ның «алтын» эстафеталық командасының құрамына енді. Онда Демченко мен Митрофанованың серіктестері Анастасия Зубенко мен Александра Егорина болды. Бұл «алтын» соңғы екі спортшының қоржынындағы жалғыз медаль емес: Зубенко 300 метрлік қашықтықта үшінші болса, Егорина дәл осы жерде екінші орынға табан тіреді. Қалған екі медальді Елизавета Матвеева жеңіп алды. Ол бессайыстан абсолютті жеңімпаз атанса, биіктікке секіруден 160 см нәтижесімен күміс медальді иеленді. Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
Анастасия Сопрунова жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын жеңіп алды

Әйелдер арасындағы 60 метрге кедергілермен жүгіру бәсекесі ерекше тартысты оқиға ретінде есте қалмақ. Мұнда тек бір нәрсе анық еді — Қазақстан жеңіл атлеті чемпион атанады. Бірақ екі үміткердің қайсысы мықты болады деген сұрақ үлкен жұмбақ болып қалды. Алматылық Анастасия Пилипенко мен өскемендік спринтер Анастасия Сопрунованың деңгейі бір-біріне өте жақын. Екеуі де Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысқан, екеуі де қаңтар айының соңында Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатының басты фавориттері болды. Тіпті, екеуі де Дохадағы Азия чемпионатында өздерінің іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен. Міне, көптен күткен финал сәті де келді. Екі Настя сөре сызығынан соңғы мүмкіндіктері сияқты бар күштерімен алға ұмтылды. Небәрі 8 секундтан астам уақыт өткен соң олар мәре сызығын қатар қиды, бірақ кімнің Азия чемпионы болғаны белгісіз күйде қалды! Таблода «нәтиже» бағанында бірдей сандар — 8,17 көрсетіліп тұрды. Тек фотофиниш қана Анастасия Сопрунованың өз аттасынан секундтың мыңнан бір бөлігіне озып кеткенін анықтады. Естеріңізге сала кетейік, өскемендік спортшы Пилипенкодан дәл осындай стильде өз үйіндегі Қазақстан чемпионатында да басым түскен болатын. Сондықтан Сопрунова мансабындағы екінші Олимпиада ойындарына қатысуға бек бекініп отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Ольга Рыпакова өзгешелік үшін ұзындыққа секіруде де бағын сынап көрді. Бұл пән Олимпиада чемпионы үшін негізгі бағыт болмаса да, үш аттап секіру шеберіне Дохада қола медаль иеленудің сәті түсті. Айта кетерлігі, Рыпакованың 6,22 метрге бірінші секіруі-ақ оған «қола» сыйлады. Ольга нәтиже соңынан қуған жоқ, оған жерлесіміздің үшінші және алтыншы мүмкіндіктерден бас тартуы дәлел. Бұл ретте алтыншы мүмкіндік кезінде Рыпакова қолда бар нәтиже оған «тек» қола медаль әкелетінін анық түсінді. Бірақ бұл фактор Ольганы секторға шығуға мәжбүрлей алмады. Олимпиада чемпионы маңыздылығы жағынан екінші кезектегі жарыста бар күшін сарп етпей, сақтық танытқанды жөн көрді. Өйткені басты мақсат — тамыз айындағы жарыстарға жақсы дайындалу. Өкінішке орай, семейлік Регина Қайсарова өз мүмкіндігінен төмен нәтиже көрсетіп, 170 см биіктікте тоқтап қалды. Әдетте Регина жарысты дәл осы межеден бастайтын. Ал соңғы жарысында 180 см-ден жоғары секірген болатын. Бірақ бұл жолы мұндай жоғары нәтижені қайталай алмады. Оның себебін кейінірек білетін боламыз. ҰЗЫНДЫҚҚА СЕКІРУ. Әйелдер (12 қатысушы): Маока Джони (Үндістан) – 6,35 Би Ти Тху Тао (Вьетнам) – 6,3 Ольга РЫПАКОВА (Қазақстан, ШҚО) – 6,22 …10. Екатерина ЭКТОВА (Қазақстан) – 5,57 60 М ЖҮГІРУ. Әйелдер: Виктория ЗЯБКИНА (Қазақстан) – 7,27 – жарыс рекорды Юань Кики (Қытай) – 7,33 Дути Чанд (Үндістан) – 7,37 …7. Рима КАШАФУТДИНОВА (Қазақстан) – 7,50 800 М ЖҮГІРУ. Әйелдер: Марта Хирато Йота (Бруней) – 2:04,59 Нималиваливарша Арачиге (Шри-Ланка) – 2:04,88 Татьяна НЕРОЗНАК (Қазақстан) – 2:06,32 60 М КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЖҮГІРУ. Әйелдер: Анастасия СОПРУНОВА (Қазақстан, ШҚО) – 8,168 Анастасия ПИЛИПЕНКО (Қазақстан) – 8,170 Валентина Кибальникова (Өзбекстан) – 8,32 БИІКТІККЕ СЕКІРУ. Әйелдер (9 қатысушы): Светлана Радзивил (Өзбекстан) – 1,92 Надя Дусанова (Өзбекстан) – 1,88 Женг Синьюань (Қытай) – 1,84 …6. Регина ҚАЙСАРОВА (Қазақстан, ШҚО) – 1,70 Алексей Губанов Фото – athleticsasia.org Дереккөз: vksport.kz
ШҚО спортшылары жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екі медалін жеңіп алды

ШҚО спортшылары жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екі медалін жеңіп алды Риддерлік жүгіруші Элина Михина 400 метрлік қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол тек 51,67 нәтижесімен Азияның жаңа рекордын орнатқан брунейлік спортшы Мужидат Олувакемиге жол берді. Бір қызығы, Михина финалда Қазақстан чемпионатының шешуші кезеңіне (53,37 секунд) қарағанда төменірек нәтиже көрсетті. Дегенмен, Бруней спортшысының басымдылығы соншалықты үлкен болды, сондықтан мәреде бар күшті салудың аса мәні болмады, керісінше, жарақат алу қаупі жоғары еді. Ольга Рыпакова күткеніміздей Азия чемпионы атанды. Ол тағы да өзінің қайсар мінезін көрсетті – Олимпиада чемпионы үшін ең сәтті мүмкіндік ең соңғысы болды, онда Рыпакова 14,32 метрге «ұшты». Бұл – Азия чемпионаттарының жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова үшінші орынға табан тіреді. Басқа нәтижелердің арасында Виктория Зябкинаның 60 метрге жүгірудегі чемпиондығын, Роман Валиевтің үш аттап секірудегі жеңісін, сондай-ақ Михаил Литвиннің 400 метрге жүгіруде Қазақстан рекордын орнатып, үшінші орын алғанын атап өткен жөн. 400 М ЖҮГІРУ. ӘЙЕЛДЕР. Жартылай финал: Элина МИХИНА (Қазақстан, ШҚО) – 53,78 Ти Лан Куач (Вьетнам) – 55,02 Ясим Эсса Иман (Бруней) – 55,37 Альмохаммад Гурфан (Сирия) – 55,45 Ян Нг Венг (Макао) – 59,71 Финал: Мужидат Олувакеми (Бруней) – 51,67 Элина МИХИНА (Қазақстан, ШҚО) – 53,85 Ти Лан Квач (Вьетнам) – 55,69 Албмохаммад Гуфран (Сирия) – 55,73 400 М ЖҮГІРУ. ЕРЛЕР. Финал: Абдалелах Хассан (Катар) – 45,88 Абубакер Аббас (Бруней) – 46,60 Михаил ЛИТВИН (Қазақстан) – 46,80 ҮШ АТТАП СЕКІРУ. Әйелдер: Ольга РЫПАКОВА (Қазақстан, ШҚО) – 14,32 Джони Майока (Үндістан) – 14,00 Ирина ЭКТОВА (Қазақстан) – 13,48 ҮШ АТТАП СЕКІРУ. ЕРЛЕР: Роман ВАЛИЕВ (Қазақстан) – 16,69 Ренит Махесвари (Үндістан) – 16,16 Рашид Ахмед Аль Маннаи (Катар) – 15,97 Евгений ЭКТОВ (Қазақстан) – 15,91 60 М КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЖҮГІРУ. Әйелдер. №1 іріктеу кезеңі: Анастасия ПИЛИПЕНКО (Қазақстан) – 8,21 Валентина Кибалникова (Өзбекстан) – 8,42 Аоки Масуми (Жапония) – 8,42 №2 іріктеу кезеңі: Анастасия СОПРУНОВА (Қазақстан, ШҚО) – 8,19 Гайатру Говиндара (Үндістан) – 8,38 Вонг Мин Яннан (Сингапур) – 8,88 Алексей Губанов Фото – athleticsasia.org Дереккөз: vksport.kz
Михаил Литвиннің жаңа рекорды!

Михаил Литвиннің жаңа рекорды! Бірінші жарыс күнінің таңертеңгі сессиясында СҚО-дан келген Литвин 400 метрге жүгіруде Қазақстанның рекордын орнатты, бірақ бұл 19 жастағы жігітке жеткіліксіз болып көрінді. Кешкі сессияның соңғы жарысында ол таңертеңгі рекордын жаңартты! Біздің жабық жеңіл атлетика тарихында алғаш рет спортшы 47 секундтан 400 м жылдам жүгіре алды! Таңертеңгі рекордынан Михаил 0,22 секундты “түсірді”! Бұл, менің достарым, керемет! Әсіресе, Литвин жеңіл атлетикамен 3 жыл ғана айналысқанын және оған дейін футбол ойнағанын ескерсек. Соңғы екі аптада Литвин осы пән бойынша бірден Қазақстанның төрт рекордын орнатты. Неліктен жігіт Өскеменде “бұзылды”? – Себебі мұндағы жағдай Қазақстанның кез келген манежіне қарағанда жақсы, – деп жауап береді чемпионаттың бірінші жарыс күнінің басты кейіпкері. – Мұнда жай ғана әдемі бұрылыстар, бірінші жол, жүгіруге өте ыңғайлы. Мен әлі де күшейіп, жанкүйерлерді жеңіп, қуантуға тырысамын. Енді мамыр айында Алматыда ашық стадиондарда Қазақстанның жасөспірімдер рекордын жаңартуға тырысамын. Өте жас жігіттің осындай елеулі жетістігіне тәнті болған Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетика федерациясының басшылығы Денис Рыпаковтың атынан Литвинді 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен көтермелеуге шешім қабылдады. 400 метрге жүгіру ерлер (22 қатысушы): 1. Михаил Литвин (СҚО) – 46,87 с (Қазақстан рекорды) 2. Игорь Кондратьев (Павлодар облысы) – 47,75 с 3. Дмитрий Корабейников (Астана) – 47,94 с …15. Павел КУКИН (ШҚО) – 52,32 с 16. Владислав СУТЯГИН (ШҚО) – 52,44 с 17. Богдан ВЕСЕЛЬСКИЙ (ШҚО) – 52,56 Б …19. Сергей УНЖАКОВ (ШҚО) – 53,08 Б Дереккөз:
