Өскеменде жеңіл атлетикадан қала чемпионаты өтті

Өскеменде жеңіл атлетикадан қала чемпионаты өтті 1999-2000 Ж.Т. ЖАС ЕРЕКШЕЛІК КАТЕГОРИЯСЫ100 м жүгіру. Жасөспірімдер (5 қатысушы): Мирас Қайдаров – 11,40 Әмір Мамырбеков – 11,54 Жандос Құмарбеков – 11,87 Қыздар (1 қатысушы): Екатерина Ефремова – 14,67 200 м жүгіру. Жасөспірімдер (6 қатысушы): Александр Аксютин – 23,15 Елжас Қызымолдаев – 24,20 Данил Соколов – 25,35 Қыздар (2 қатысушы): Анастасия Заводина – 26,90 Екатерина Ефремова – 30,51 400 м жүгіру. Жасөспірімдер (3 қатысушы): Александр Аксютин – 53,55 Елжас Қызымолдаев – 56,30 Темірлан Биданбеков – 1:01,48 Қыздар (1 қатысушы): Светлана Малежина – 1:08,58 800 м жүгіру. Жасөспірімдер (3 қатысушы): Әмір Мамырбеков – 2:09,34 Ермек Асқаров – 2:26,13 Сағынтай Нұртаев – 2:52,82 1500 м жүгіру. Қыздар (2 қатысушы): Евгения Бородулина – 5:40,15 Алтынай Бейісхан – 6:46,28 3000 м жүгіру. Қыздар (2 қатысушы): Алтынай Бейісхан – 15:32,29 Евгения Бородулина – 16:20,13 Еңлік Мамырбекова – 16:22,04 Кедергілер арқылы 110 м жүгіру. Жасөспірімдер (3 қатысушы): Мирас Қайдаров – 15,13 Ілияс Қадыров – 15,40 Георгий Ермолов – 16,12 Кедергілер арқылы 100 м жүгіру. Қыздар (1 қатысушы): Анастасия Плахотина – 18,78 Кедергілер арқылы 400 м жүгіру. Жасөспірімдер (4 қатысушы): Жандос Құмарбеков – 59,90 Рүстем Қартаев – 1:01,76 Влад Кабдуалиев – 1:02,15 Ұзындыққа секіру. Қыздар (2 қатысушы): Анастасия Заводина – 5,35 Дарья Мерлина – 3,22 Үш қарғып секіру. Қыздар (1 қатысушы): Дарья Мерлина – 10,10 Биіктікке секіру. Жасөспірімдер (2 қатысушы): Георгий Ермолов – 1,75 Рамиз Қартаев – 1,70 Қыздар (2 қатысушы): Анастасия Плахотина – 1,45 Екатерина Ефремова – 1,25 Ядро итеру. Жасөспірімдер (1 қатысушы): Павел Белогорцев – 11,84 Қыздар (2 қатысушы): Эрика Кем – 11,55 Е. Қадылбекова – 8,29 Диск лақтыру. Жасөспірімдер (2 қатысушы): Павел Белогорцев – 40,25 Евгений Автушко – 24,27 Қыздар (3 қатысушы): Эрика Кем – 29,66 Т. Қасымова – 22,25 Е. Қадылбекова – 20,78 Найза лақтыру. Жасөспірімдер (2 қатысушы): Евгений Автушко – 30,00 Қыздар (2 қатысушы): Эрика Кем – 20,62 Е. Қадылбекова – 15,51 2001 Ж.Т. ЖӘНЕ ОДАН КІШІ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК КАТЕГОРИЯСЫ100 м жүгіру. Жасөспірімдер (21 қатысушы): Владимир Фещенко – 11,55 Александр Раев – 12,16 Данил Прокопенко – 12,46 Қыздар (28 қатысушы): Ангелина Малькова – 13,20 Дарья Демченко – 13,46 Камила Амангелді – 13,96 300 м жүгіру. Жасөспірімдер (17 қатысушы): Владимир Фещенко – 39,12 Әмір Әйімқанов – 41,20 Александр Ибрагимов – 42,88 Қыздар (21 қатысушы): Анастасия Зубенко – 43,06 Александра Егорина – 44,98 Ангелина Малькова – 46,28 600 м жүгіру. Жасөспірімдер (5 қатысушы): Әмір Әйімқанов – 1:39,24 Бота Құмаров – 1:52,27 Алдияр Төлебай – 1:54,17 Қыздар (4 қатысушы): Кристина Морозова – 1:55,02 Еңлік Мамырбекова – 1:58,90 Мария Сухорукова – 2:11,90 1000 м жүгіру. Жасөспірімдер (4 қатысушы): Дмитрий Бывшев – 3:11,46 Роман Мартынов – 3:23,29 Қуаныш Жапаров – 3:57,07 Қыздар (3 қатысушы): Виктория Медведева – 3:44,29 Жұлдыз Құмашева – 3:52,87 Олеся Пименова – 4:11,67 1500 м жүгіру. Қыздар (2 қатысушы): Аяжан Төлегенова – 6:27,78 Балжан Қайырғазиева – 7:26,95 Кедергілер арқылы 300 м жүгіру. Жасөспірімдер (1 қатысушы): Думан Кенжебек – 54,40 Қыздар (2 қатысушы): Евгения Носкова – 55,83 Анатолия Динч – 56,40 Кедергілер арқылы 100 м жүгіру. Қыздар (3 қатысушы): Дарья Демченко – 15,58 Елизавета Матвеева – 15,89 Кристина Харитонова – 16,19 Ұзындыққа секіру. Жасөспірімдер (14 қатысушы): Иван Аленин – 5,22 Владислав Бахтин – 5,11 Александр Ибрагимов – 5,05 Қыздар (24 қатысушы): Кристина Харитонова – 4,78 София Дроздова – 4,73 Елизавета Матвеева – 4,71 Үш қарғып секіру. Жасөспірімдер (1 қатысушы): Владислав Бахтин – 11,08 Қыздар (1 қатысушы): София Штуккерт – 10,41 Биіктікке секіру. Жасөспірімдер (3 қатысушы): Ақылжан Тоқтағалин – 1,70 Владислав Бахтин – 1,60 Роман Григорьев – 1,50 Қыздар (5 қатысушы): Елизавета Матвеева – 1,65 Анастасия Успенская – 1,35 Кристина Харитонова – 1,30 Ядро итеру. Жасөспірімдер (4 қатысушы): Дмитрий Лукичёв – 13,17 Данил Джиникашвили – 10,58 Дмитрий Гусев – 9,42 Қыздар (2 қатысушы): Анастасия Калошина – 9,59 Анастасия Березутская – 8,94 Диск лақтыру. Жасөспірімдер (6 қатысушы): Лукичёв Дмитрий – 45,51 Дмитрий Гусев – 33,66 Сергей Крашенников – 29,09 Қыздар (2 қатысушы): Лейла Төлегенова – 22,81 Валерия Евтушенко – 21,04 Найза лақтыру. Жасөспірімдер (2 қатысушы): Сергей Крашенников – 26,55 Нұрсұлтан Жұмабеков – 26,33 Қыздар (1 қатысушы): Лейла Төлегенова – 19,21 Балға лақтыру. Жасөспірімдер (3 қатысушы): Дмитрий Лукичёв – 42,87 Максим Торлопов – 29,88 К. Мажирин – 18,48 Қыздар (3 қатысушы): Анастасия Калошина – 45,71 Дарья Демченко – 37,00 В. Прядко – 18,00 Дереккөз: vksport.kz
Жарыс бағдарламасы
Ольга Рыпаковаға «Майор» шені берілді

Ольга Рыпаковаға «Майор» шені берілді Ольга Рыпаковаға «Майор» шені берілді 31 тамызда Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жеңіл атлетші, Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының (ОСК) капитаны Ольга Рыпаковаға құрмет көрсетті. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының атынан Иманғали Тасмағамбетов спортшыға «Парасат» орденін және бағалы сыйлықтарды табыс етті. Дереккөз: https://ustinka.kz/kazakhstan/society/16428.html#hcq=qSOMzVp
Өскеменге Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен ШҚО спортшылары келді

Өскеменге Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен ШҚО спортшылары келді Таң ертең болғанына және мереке күніне қарамастан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Рыпакова мінген ұшақ қонуы тиіс әуежай маңына халық көп жиналды. Көбінесе, кәсіби спорттың не екенін өз тәжірибесінен білетін және Олимпиадаға жолдама алудың өзі қандай күш-жігерді талап ететінін түсінетін қазіргі және бұрынғы спортшылар келді. Ал онда өнер көрсету одан да қиын екені анық. Ольга Рыпакова, Екатерина Смирнова, Денис Уланов, Евгений Лабутов, Ирина Смольникова және Элина Михина есіктен көрінгенде, жиналғандар «Біздің Ольга Рыпакова жаңа жеңістерге әрқашан дайын» деген ұранды шырқатты. Бұл ұранды өскемендіктер ұшақ келгенге дейін осында, әуежай есігінің алдында жаттыққан болатын. Ойындардың басты кейіпкері Ольга Рыпакова халық алдына ұлы Кирилмен бірге шықты, ол да анасы сияқты қолын жеңісті белгісімен жоғары көтерді. Бұл соңғы рет болмас деп үміттенеміз. — Туған Шығыс Қазақстан жеріне табаным тигеніне өте қуаныштымын, — деді Ольга Рыпакова. — Олимпиададан кейін мен тағы да жарыстарға қатыстым, сондықтан үйге қайтар жол ұзақ әрі асыға күткен сәт болды. Бізді қолдаған барша жанкүйерлерге үлкен рахмет. Біздің мекенжайымызға өте көп қолдау сөздері айтылды. Сіздердің қолдауларыңызсыз біздің жетістіктеріміз болмас еді. ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да даңқты жеңіл атлетіміздің еңбегін атап өтті: — Ольга Рыпакова қатарынан екі Олимпиадада жүлде алып, әлемдегі ең танымал спортшылардың қатарына енді, — деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өз сөзінде. — Қазақстанның жеңіл атлетикадан бүкіл құрамасының ішінен тек ол ғана қола медаль жеңіп ала алды. Кейінірек спортшылар мінген кортеж Металлургтер мәдениет сарайына бағыт алды, онда оларды жас әріптестері асыға күтті. Әрине, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы осы таңда екінші рет гүл шоқтарына көмілді, құттықтау сөздер айтылды. Бірақ бұл аялдаманың басты ерекшелігі — барлық атлеттер мен жиналған спорт сүйер қауым қатысқан ортақ селфи болды.
ШҚО Олимпиадашыларының оралуы

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан біздің порталға түскен мәліметтерге сәйкес, облысымыздың Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылары Өскеменге 30 тамызда келеді. Евгений Лабутов, Екатерина Смирнова, Элина Михина, Ольга Рыпакова, Ирина Смольникова және Денис Уланов. Бұл спортшылар Олимпиада ойындарында өңіріміздің намысын түрлі деңгейде қорғады. 30 тамыз күні олар ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қолынан марапаттар алады. Бұл айтулы күн Ольга Рыпакованың келуінен басталады, естеріңізге сала кетейік, оны Өскемен әуежайынан сағат 8:30-да қарсы алуға болады. Содан кейін оның қала ішімен салтанатты жүріп өтуі және Металлургтер мәдениет сарайы ауданында «пит-стоп» жасауы жоспарланған. Негізгі іс-шаралар сағат 11:00-де Республика алаңында өтеді. Дәл осы жерде спортшыларымызды марапаттау рәсімі болады. Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
Ашық есік күні

Болашақ чемпионды жеңіл атлетика спорт секциясына тіркеңіз Жеңіл атлетикадан Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (ШҚО ЖА ОРМБЖСМ) «Жеңіл атлетика орталығы» ғимаратында (Сәтпаев көшесі, 82/2) күн сайын сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін жазылуға болады (сенбі және жексенбіден бөлек). Оқу-жаттығу сабақтары тегін өткізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) баласын ШҚО ЖА ОРМБЖСМ-ге тіркеу кезінде нені білуі маңызды: Таңдалған спорт түрі туралы негізгі мәліметтерді, жаттықтырушы-оқытушы туралы ақпаратты, оқу-жаттығу сабақтарының жоспары мен кестесін, қабылдау жасын және топтың құрамын білу; Оқушыларды оқуға қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және мектепті бітіру тәртібі туралы ережелермен танысу; Белгіленген үлгі бойынша өтініш жазу және келесі құжаттарды тапсыру: баланың туу туралы куәлігінің (паспортының) көшірмесі; таңдалған спорт түрімен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқтығын растайтын медициналық анықтама; 3×4 көлеміндегі фотосурет (1 дана). 2016-2017 оқу жылына құжаттарды қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін. Оқу-жаттығу процесінің нысандары: Топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар; Жеке оқу-жаттығу сабақтары; Медициналық-қалпына келтіру шаралары; Тестілеу және медициналық бақылау; Жарыстар мен бақылау сынақтары; Оқу-жаттығу жиындары; Нұсқаушылық және төрешілік практика. Сондай-ақ, 2016 жылдың 9-10 қыркүйегінде «Ашық есік күні» өтетінін хабарлаймыз.
Жарыстар бағдарламасы

Программа открытого чемпионата Усть-Каменогорска посвященного Дню Конституции РК
Программа мероприятий посвященных ко “Дню спорта”
Жарыстар бағдарламасы

Программа мероприятий посвященных ко “Дню спорта”
Ең атақты спортшы

Ең атақты спортшы Жеңіл атлетикадан ең атақты спортшы атағына таласта бәсекелестік аса көп емес екенін мойындау керек. Олимпиада ойындарының медальдарын тек үш спортшы иелене алды: Ольга Рыпакова (2012 және 2016), Ольга Шишигина (кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, 2000 ж.) және Дмитрий Карпов (онсайыс, 2004 ж.). Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола медаль алғанға дейін, біздің жерлесіміз басқа Ольгамен — Шишигинамен сырттай бәсекеде тең келе жатқан болатын. Екеуінің де қоржынында Олимпиада ойындарының алтын медалі, жабық ғимараттағы әлем чемпиондары атағы болды. Сонымен қатар, екеуі де Әлем чемпионаттарында бір күміс және бір қола медальдан иеленіп, жабық ғимараттағы әлем біріншіліктерінде вице-чемпион атанған еді. Жалпы алғанда, олардың көрсеткіштері мүлдем тең болды. Рыпакованың аздаған басымдығы тек 2012 жылы «Гауһар лигасының» жалпы есебіндегі жеңісінде ғана еді. Енді, Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан кейін (Рыпакованың қола медаль алғанын еске салудан жалықпаймыз), өскемендік Ольганың тағы бір қосымша артықшылығы пайда болды. Бұл оны Қазақстан тарихындағы жеңіл атлетикадан ең атақты спортшы етті. Өкінішке орай, елімізде мұндай деңгейдегі спортшы жақын арада тәрбиеленіп шыға қоймас. Сондықтан Рыпакованың рекорды әлі ұзақ уақыт сақталмақ. Дереккөз: yk.kz Фото: iaaf.org сайтынан
