
2026 жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан XXXV Ғұсман Қосанов мемориалы өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Әзербайжан, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Малайзия, Армения, Украина және Мысырдан келген спортшылар қатысты.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының спортшылары да қатысып, жүгіру жолдары мен жеңіл атлетика секторларында жоғары нәтижелер көрсетті.
Ефим Тарасов 400 метрге жүгіруде 47,43 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Осы қашықтықта Эльнор Мұхитдинов 47,52 секунд көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды.
1500 метрге жүгіруде Игорь Хрунин 3:48.03 нәтижесімен үшінші орынды иеленді.
Ядро лақтыру секторында Иван Иванов снарядты 18,67 метрге лақтырып, қола жүлдегер атанды.
Иван Тетерин, Алмат Төлебаев, Дамир Сутжанов және Руслан Курманалиевтен құралған эстафеталық команда 4×100 метрге жүгіруде 41,38 секунд нәтижесімен мәреге екінші болып жетті. Ал Захар Левитский, Александр Безруков, Ерасыл Мұрзамұхамбетов және Максим Мироновтан құралған тағы бір қазақстандық квартет қашықтықты 41,92 секундта жүгіріп өтіп, үшінші орынды иеленді.
Әйелдер арасында Арина Гладышева 5000 метрге жүгіруде 17:42.91 нәтижесімен үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруде 5,91 метр көрсеткішімен күміс жүлде жеңіп алды.
