<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Азияның күмісі мен қоласы: спортшыларымызды лайықты қарсы алу

Бүгін Азия чемпионаты U20 жарысынан спортшыларымыз оралды — Асқар Өмірзақ пен Софья Киденконы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, Асқар қола медаль жеңіп алып, 6774 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты және Әлем чемпионатының нормативін орындады.

Софья Киденко Қазақстан құрамасы сапында 4×400 м эстафетада өнер көрсетіп, 3:43,63 нәтижесімен күміс медаль иеленді.

Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache