8 мамыр күні Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы мен «Алтай» стадионы базасында Жеңіс күніне арналған «ШҚО Жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ біріншілігі өтті. Жарысқа 2003 жылы туған және одан үлкен, 2004–2006 ж.т. (U23), 2009–2010 ж.т. (U18), 2011–2012 ж.т. (U16) және одан кіші жас санаттарындағы спортшылар қатысты.
«Алтай» стадионында жүгіру бағдарламалары өтті. Спортшылар кедергілер арқылы жүгіру, қысқа қашықтықтағы спринт, 400, 800 және 5000 метр қашықтықтарында, сондай-ақ әйелдер мен ерлер арасындағы 200 метр финалында сынға түсті.
Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында техникалық дисциплиналар мен лақтыру түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар найза, диск және балға лақтыруда, сондай-ақ үш қарғып секіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, ядро итеруде өз шеберліктерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің нәтижелері кейінірек жарияланады. Төменде жарыстан шағын фотоесеп ұсынылған.







