2–3 сәуір күндері «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика орталығында барлық жас санаттары арасында Шығыс Қазақстан облысының ашық жеңіл атлетика чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс жеңіл атлетика әлеміндегі алғашқы маңызды қадам болды.
Жүгіру жолдары мен секторларда әрбір секунд пен әрбір сантиметр үшін нағыз тартыс өрбіді: қатысушылар күш-жігерін, төзімділігін және мінезін көрсетті, ал жеңістер көбіне қашықтықтың соңғы метрлерінде шешілді. Чемпионат қорытындысы бойынша Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын облыс құрамасы жасақталады.
Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің нәтижелері спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және жаңа жетістіктерге деген ұмтылысын айқын көрсетті.







