
Қазақстандық Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейро Олимпиадасында үш қарғып секіруден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бірінші мүмкіндіктен кейін Рыпакова көш бастап тұрды, бірақ кейін екінші, содан соң үшінші орынға сырғыды. Ең жақсы нәтижесінде ол 14,74 метрді көрсетті. Айта кетейік, бұл Олимпиадада Рыпакова маусымдағы өзінің ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.
Колумбиялық Катрин Ибаргуэн 15,17 метр нәтижесімен чемпион атанды. Күміс медаль Венесуэла өкілі Юлимар Рохасқа (14,98) бұйырды. Жаңа Олимпиада чемпионы да маусымдағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.
Айта кетерлігі, осыдан төрт жыл бұрын Лондонда Рыпакова Олимпиада чемпионы атанған болатын. Риодағы «қола» оның мансабындағы екінші Олимпиада медалі болды.
Дереккөз: vesti.kz
