ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан біздің порталға түскен мәліметтерге сәйкес, облысымыздың Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылары Өскеменге 30 тамызда келеді.

Евгений Лабутов, Екатерина Смирнова, Элина Михина, Ольга Рыпакова, Ирина Смольникова және Денис Уланов. Бұл спортшылар Олимпиада ойындарында өңіріміздің намысын түрлі деңгейде қорғады. 30 тамыз күні олар ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қолынан марапаттар алады.
Бұл айтулы күн Ольга Рыпакованың келуінен басталады, естеріңізге сала кетейік, оны Өскемен әуежайынан сағат 8:30-да қарсы алуға болады. Содан кейін оның қала ішімен салтанатты жүріп өтуі және Металлургтер мәдениет сарайы ауданында «пит-стоп» жасауы жоспарланған.
Негізгі іс-шаралар сағат 11:00-де Республика алаңында өтеді. Дәл осы жерде спортшыларымызды марапаттау рәсімі болады.
Алексей Губанов Дереккөз: vksport.kz
