
Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Қытайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Спортшы биіктікке секіру секторында сәтті өнер көрсетіп, 1,87 метр нәтижесін көрсетті.
Шығыс Қазақстан облысының өкілі 1,84 метр биіктікті үшінші мүмкіндігінде бағындырды, ал 1,87 метр биіктікті бірінші талпынысында сәтті еңсерді.
Күміс жүлдені қазақстандық спортшы үндістандық Пооямен бөлісті — қос спортшы да бірдей нәтиже мен талпыныс санын көрсетті. Ал жарыстың жеңімпазы Өзбекстан спортшысы атанды.
Бұл жүлде Надежда Дубовицкаяның Азия чемпионаттарындағы спорттық мансабындағы төртінші медалі болды.
Фото дереккөз: @qazathletics
