2025 жылғы 20 желтоқсанда «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында 2013–2014 ж.т., 2015 ж.т. және одан кіші жас спортшылар арасында «Жаңа жылдық планка» ашық чемпионаты өтеді.
Жарыс бағдарламасында: 50 м және 300 м жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру. Қатысушыларды нағыз спорттық атмосфера мен жаңа жылдық көңіл-күй күтеді.
Басталуы: 09:45 Марапаттау: 15:00
ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Жаңа жылдық планка» 20 желтоқсан 2025 жыл «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығы, Өскемен қ.
09:45 қатысушылар шеруі 10:00 биіктікке секіру (барлық жас топтары) 10:00 50 м жүгіру (алдын ала жарыстар) 10:00 ұзындыққа секіру, қыздар 2013–2014 ж.т. 10:40 50 м жүгіру, қыздар 11:10 ұзындыққа секіру, ұлдар 2015 ж.т. және кіші (орнынан) 11:30 50 м жүгіру финалы, ұлдар 12:00 50 м жүгіру финалы, қыздар 12:30 ұзындыққа секіру, ұлдар 2013–2014 ж.т. 13:20 ұзындыққа секіру, қыздар 2015 ж.т. және кіші (орнынан) 13:20 300 м жүгіру, ұлдар 14:20 300 м жүгіру, қыздар 15:00 Марапаттау
2015 ж.т. және одан кіші қатысушылар ұзындыққа секіруді орнынан орындайды. Назар аударыңыз! Бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін.