
Қазақстандық спортшы Фаина Мейрманова биіктікке секіруде жеңіске жетіп, Ойындар рекордын орнатты — 1.79 м!
Күміс — Анна Суравец (1.76 м), қола — Лейа Глонарик (1.67 м).
Фаина — халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2024 жылы Тайбэйде ол U20 әлемдік рекордын орнатты, кейін Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұзындыққа секіруден чемпион атанды.
Ол 19 жаста, Шығыс Қазақстан облысын ұсынады және спортпен шамамен жеті жыл айналысып келеді.
Құттықтаймыз! Қазақстан сенімен мақтанады!
Дереккөз: @qazathletics
Фото дереккөзі: https://kazpravda.kz/
